1. ҚОДСБ ШЖҚ КМК «Үміт» оңалту орталығы 1 жастан 18 жасқа дейінгі пациенттерге тәулік бойы стационар жағдайында қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді. Қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылады. Оңалту емінің курсы 14 - 30 күнді құрайды.
2. Бүгінгі таңда орталықта әлемдік стандарттарға сәйкес кешенді оңалту жұмыстары жүргізіледі.
Балаларды емдеудегі кешенді оңалтудың маңызды бөлігі - емдік дене шынықтыру. ЕДШ нұсқаушылары жеке және топтық жаттығулар өткізеді.
Орталықта физиотерапия кабинеті, бассейн, 2 ЕДШ кабинеті, 6 массаж кабинеті, сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Физиотерапия кабинетінде магнитотерапия, электро - лазерлік терапия, озокеритпен емдеу сияқты емшаралар жүргізіледі. Сумен емдеу бөлімінде гидромассажбен оңалту қабылдауға мүмкіндік бар.
