Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
“Үміт” оңалту орталығы” ЩЖҚ КМК
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

100019, г. Караганда, ул. Касыма Аманжолова, 96

 8 7212 43 83 03 

43-83-03

байланыс орталығы

+7 747 478 1385

Ұялы телефон
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
“Үміт” оңалту орталығы” ЩЖҚ КМК
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 747 478 1385

Вход в аккаунт Kz

1. ҚОДСБ ШЖҚ КМК «Үміт» оңалту орталығы 1 жастан 16 жасқа дейінгі пациенттерге тәулік бойы стационар жағдайында қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді. Қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылады. Оңалту емінің курсы 21 - 28 күнді құрайды.

2. “АДЕЛИ” КОСТЮМІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН САБАҚТАР
Біздің орталықта «Адели» костюмімен сабақтар өткізіледі.
«Адели» әдісі - бұл жүйке жүйесін ынталандыруға бағытталған арнайы таңдалған жаттығулар кешені. Адели костюмінің арнайы құрылымының арқасында дененің әртүрлі бұлшықет топтарынан келетін жүйке импульстары миға бұлшықет тонусының дұрыс бөлінуін және әртүрлі бұлшықеттерге түсетін жүктемені реттеуге үйретеді. Осылайша пациенттердің қимыл белсенділігін едәуір жақсартып, ұсақ қозғалыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Әдістеменің негізінде "Адели" жүктеме арнайы костюмін киюге және күнделікті дайындық пен арнайы жаттығуларды орындауға 30 - 90 минут аралығын қамтиды. Бір курс ұзақтығы 14 - 28 күн. Аурудың ауырлығына байланысты бірнеше емдеу курсын (2 - 4 айдан кейін) өткізу ұсынылады, бұл қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және дамытуға көмектеседі. Сабақтар емдік дене шынықтыру мамандарымен аурудың ерекшелігін ескере отырып жеке бағдарлама бойынша өткізіледі.

Адели оңалту костюмінде сабақтарды жүйелі түрде өткізу қысқа мерзімде көрінетін оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Адели" костюмі - тірек - қимыл аппаратына емдік мақсатта жүктеме түсіретін тірек элементтер мен серпімді реттелетін тартқыштардан тұратын күштік жүйе.
«Адели» емдік жүктеме костюмі - балалардағы БЦСА (ДЦП) оңалтудың танымал әдісі.

3. Бүгінгі таңда орталықта әлемдік стандарттарға сәйкес кешенді оңалту жұмыстары жүргізіледі.
Балаларды емдеудегі кешенді оңалтудың маңызды бөлігі - емдік дене шынықтыру. ЕДШ нұсқаушылары жеке және топтық жаттығулар өткізеді.
Орталықта физиотерапия кабинеті, бассейн, 2 ЕДШ кабинеті, 6 массаж кабинеті, сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Физиотерапия кабинетінде магнитотерапия, электро - лазерлік терапия, озокеритпен емдеу сияқты емшаралар жүргізіледі. Сумен емдеу бөлімінде гидромассажбен оңалту қабылдауға мүмкіндік бар.

Сөйлеу дамуы кешеуілдеген балалармен логопед мамандары заманауи әдістерді пайдалана отырып, сөйлеуді түзетуде сабақтар жүргізеді. Сенсорлық бөлме ұсақ моториканы дамытуға арналған құралдармен және арнайы жабдықтармен жабдықталған.

Медициналық көмектен бөлек, орталықта тәрбиешілермен топтық сабақтар, 0 - 8 сыныптар аралығында қазақ және орыс тілдерінде жалпы білім беру және қосымша бағдарламалар бойынша сабақтар жүргізіледі.