Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
“Үміт” оңалту орталығы” ЩЖҚ КМК
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

100019, г. Караганда, ул. Касыма Аманжолова, 96

 8 7212 43 83 03 

43-83-03

байланыс орталығы

+7 747 478 1385

Ұялы телефон
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
“Үміт” оңалту орталығы” ЩЖҚ КМК
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

Абзалиев Қанат Баяндыұлы

16.10.1964 ж.т.

ШЖҚ КМК «Үміт» оңалту орталығының директоры

Медицина ғылымдарының кандидаты, PhD докторы. Жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігер, хирург-дәрігер. ҚР ДСМ аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Білімі: Жоғары. 1981–1987 жж. Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін үздік дипломмен тәмамдаған.

Еңбек өтілі: 1987–1988 жж. Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (ҚММИ) стажер-зерттеуші. Ресей халықтар достығы университетінде (РУДН) аспирант. ҚММИ-да аспирант, оперативтік хирургия кафедрасының ассистенті. Қалалық №1 аурухананың шұғыл көмек көрсету бригадасында хирург-дәрігер (қоса атқарушы). Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған. Екі өнертабысқа патенті және 12 ғылыми мақаласы бар.

1993–1995 жж. — ҚММИ, жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, Қарағанды қалалық №1 ауруханасында шұғыл көмек көрсету бригадасында аға кезекші хирург. 20-дан астам ғылыми мақалалары, соның ішінде рационализаторлық ұсыныстары жарық көрген. 

Күрделі және қайта қалпына келтіру оталарын меңгерген. Аспиранттар мен ізденушілердің ғылыми жұмыстарына әдістемелік жетекші. Студенттерге дәріс пен тәжірибелік сабақтар, ҚММИ-дің біліктілікті арттыру факультетінің тыңдаушыларына семинарлар мен дәрістер өткізген. Бөлімшелерде емдік-консультативтік қызмет атқарған.

1995–1998 жж. Қарағанды қаласы «Облыстық клиникалық ауруханасы» базасында ҚММИ-дің докторанты, госпитальдық хирургия кафедрасының ассистенті, гепатобилиарлық хирургия ординаторы, облыстық санитарлық авиация мен кезекші бригаданың аға жауапты хирургі. 30-дан астам ғылыми еңбектері жарияланған.

Американдық хирургтарымен бірлесіп «Жүректі ашу» бағдарламасы аясында видео-лапароскопиялық операцияларды енгізу жүзеге асырылды. 1 білікті хирург-дәрігер санаты берілді. Клиниканың барлық бөлімшелерінде емдік-консультативтік жұмыс атқарған. Облыс ауыл тұрғындарына санитарлық авиация желісі арқылы хирургиялық көмек көрсеткен. Субординаторлар мен интерн-дәрігерлерді оқыту жұмыстарын жүргізген.

1998 – 2000 жж. «Жүрек» ЖШС клиникасы – құрылтайшысы, клиниканың бас дәрігері және хирургі. Еңбек шаруашылық механизмдерін енгізу және емдеу ұйымдарымен өзара іс-қимыл, халыққа ақылы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамаларды зерделеу, жеке практикамен айналысатын хирургтің құқықтары мен міндеттері, емдік-консультативтік қызмет, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты.

2000 – 2003 жж. МКҚК «Қарағанды облыстық медициналық емдеу-диагностикалық бірлестігі» 300 төсек орны, хирургия бөлімінің меңгерушісі, хирургиялық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, санитарлық авиация дәрігер-хирургі. Интерн-дәрігерлермен әдістемелік және тәлімгерлік жұмыс жүргізген.

Қарағанды облыстық МЕДБ хирургия бөлімшесінің науқастарына іш қуысы мен кеуде қуысы ағзаларына күрделі шұғыл және жоспарлы операцияларды жетілдіру. Хирургиялық көмекті ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс. 6 хирургия және 8 денсаулық сақтау ұйымы бойынша мамандандыру курстарынан өткен.

2003–2005 жж. ММ Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы: Қарағанды облысының бас хирургі, Облыстық стационарлық көмекті дамыту бөлімінің бастығы, хирургтар қауымдастығының төрағасы.

Салалық мемлекеттік, ұлттық, өңірлік бағдарламалардың, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу. Облыстағы денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейінде практикалық және ұйымдастырушылық хирургиялық көмек көрсету, жоғары білікті дәрігер хирург санатын иелену. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге, мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлер өткізуге қатысу. Медицина институты хирургиялық бағыттағы түлектеріне арналған мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы.

2005–2007 жж. ҚР ДСМ бақылау комитетінің медициналық қызметтер саласындағы талдау және бақылау бөлімінің басшысы. Хирург дәрігерлер қауымдастығының төрағасы.

Облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын бақылау және талдау, ҚР ДСМ МСБК (ККСОМУ МЗРК) бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуын бақылау. Облыс бойынша тексеру жоспарларының орындалуын үйлестіру және республика деңгейдегі жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) бойынша тексерулерге қатысу. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеу, медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне байланысты шағымдарды қарау.

2007–2009 жж. ҚР бойынша ҚТЖ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ сақтандырылған тұлғаларға көрсетілетін медициналық көмекті сараптау және талдау жөніндегі Астана қ. «Медикер» ЖШС медициналық сервис компаниясы директорының орынбасары.

Сақтандыру бағдарламалары аясында республика тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек сапасын бақылау және талдау, басшылықтың бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуын қадағалау. Ауысым алдындағы тексеру, профилактикалық қарап-тексеру, амбулаториялық және стационарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Медициналық ұйымдарға сақтандыру жағдайлары бойынша төлемдердің негізділігін сараптау және үйлестіру.

2009–2010 жж. Астана қаласы «ҚазТрансОйл-Сервис» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның медицина мәселелері жөніндегі басқарушы директоры. 

Өндірісте және тұрмыстағы мұнай өңдеу саласының жұмысшыларын құбыр жолдары бойынша ауысым алдындағы медициналық тексеру, профилактикалық тексеру, амбулаториялық және шұғыл медициналық көмек көрсету қызметін ұйымдастыру. Сақтандыру бағдарламасы аясында республикалық мұнай-газ саласының қызметкерлеріне көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бақылау және талдау, басшылықтың бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуын қадағалау. Емдеу-сауықтыру, санатория-курорттық және оңалту мекемелерінде медициналық көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру. (Шымкент қаласы «Алтыбукан - Сарыағаш» ЖШС, «Арай де Люкс»ЖШС, Ақтау қаласы «Самал» ЖШС және т.б...). Кәсіби ауруларды сауықтыру, созылмалы ауруларды оңалту, мұнай-газ саласында пайда болған созылмалы ауруларды оңалту бағдарламаларын әзірлеу.

2010 – 2013 жж. Бас дәрігер – «Мейірім» көпсалалы медициналық орталығы» ЖШС, Астана қ., «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, ҚР ДСМ аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы. 

Белсенді ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстың нәтижесінде клиника шығынды және дотациялық мәртебеден шығып, табысты мекемеге айналды. Медициналық қызметтерді мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлу аясында клиниканы республикалық аккредитацияға дайындау және сәтті ұйымдастыру жүргізілді. 

Оториноларингология, травматология, кардиология, гинекология, хирургия, педиатрия салалары бойынша жаңа медициналық технологияларды енгізу және емдеу ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құрсақ қуысы мен көкірек қуысы ағзаларына операциялық араласулар жүргізу. Қазақстан Республикасында дәрігерлерді аттестаттау, біліктілік санаттарын беру және клиникаларды аккредитациядан өткізу бойынша комиссиялар жұмысын ұйымдастыру.

2013–2020 жылдар аралығында – жеке клиникаларды ұйымдастыру, «ҚР ІІМ Орталық госпиталі мен емханасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары қызметінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауға жауапты болды. Ведомстволық жаңа көпсалалы медициналық ұйымды қалыптастыруды ұйымдастырды. ҚР ДСМ РЦРЗ-де практикалық дағдыларды қабылдау бойынша емтихан алушы ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар келісімшарт негізінде «ҚР ӘМ Сот медицинасы орталығы» РМК-де сот-медициналық сараптама саласында тәуелсіз сарапшы ретінде жұмыс атқарып, күрделі сот процестеріне қатысқан.

2020–2022 жылдары (пандемия кезеңі) – Астана қаласы Медициналық университетпен бірлескен Консорциумның жетекшісі – «Ковидтік жұқпалы стационар» басқарушы директоры, Назарбаев Университет Қоры жанында «Астана Бизнес Кампус» ЖШС медициналық сервисті дамыту жөніндегі бас менеджері. Пандемия кезінде клиниканы ұйымдастыру және коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарға шұғыл көмек көрсету. Қонақ үй кешенін жұқпалы бейіндегі стационарға қайта жабдықтау. Пациенттер ағынын басқару, емін ұйымдастыру және үйлестіру. Тегін және ақылы медициналық көмек көрсетуге рұқсат құжаттарын алу. Кейіннен аталған нысанды санаторлық-курорттық және оңалту ұйымы ретінде қайта бейіндеу.

2023 жылы Қарағанды облысы АҚ және ТЖ, емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.

2025 жылдан бастап – ШЖҚ КМК «Үміт» оңалту орталығы» директоры.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2024 ж.), Денсаулық сақтау менеджері мамандығы бойынша сертификат (2024 ж.) Тұрақты негіздегі жоғары санатты хирург маманының сертификаты.

Отбасы жағдайы: Үйленген. Жұбайы – Абзалиева Д.С., медицина ғылымдарының докторы, профессор, кәсіби патология маманы. Ақмола облысы, Ақкөл қаласындағы «Wyndham» ЖШС санаторлық-курорттық ұйымының басшысы.

Пікірлер қосу

Қорғаныс коды