Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 70 «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттаудан өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ның 2025 жылғы 11 тамыздағы № 474-ө шешімімен Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Үміт» оңалту орталығы» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына конкурс жарияланады.
Конкурс өткізілетін күн мен орын: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Әлиханов көшесі, 2, пошта индексі: 100012.
Кәсіпорынның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген атауы: Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Үміт» оңалту орталығы» ШЖҚ КМК, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Қасым Аманжолов көшесі, 96, индексі 100019.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: ҚО ДСБ «Үміт» оңалту орталығы» ШЖҚ КМК 1 жастан 16 жасқа дейінгі науқастарға тәулік бойы стационар жағдайында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды ұсынады. Оңалту емінің курсы 21-28 күнге созылады. Бүгінде орталықта әлемдік стандарттарға сай кешенді оңалту жұмыстары жүргізілуде. Балаларды емдеудегі кешенді оңалтудың маңызды құрамдас бөлігі – емдік дене шынықтыру. ЕДШ нұсқаушылары жеке және топтық сабақтар өткізеді. Орталықта физиокабинет, бассейн, 2 ЕДШ кабинеті, 6 массаж кабинеті, сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Физиокабинетте магнитотерапия, электр-лазеротерапия, озокеритпен емдеу сияқты процедураларды алуға болады. Су емханасында гидромассажбен оңалтудан өтуге болады. Сөйлеу қабілеті кешеуілдеген науқастар үшін орталықта логопедпен сабақтар өткізіледі, ол сөйлеуді түзетудің заманауи технологияларын қолданады. Сенсорлық бөлме арнайы жабдықтармен, ұсақ моториканы дамытуға арналған жиынтықтармен жабдықталған. Оңалту орталығында медициналық көмектен бөлек, топтарда тәрбиешілермен сабақтар, мектепте оқыту (0-8-сыныптар) қазақ және орыс тілдерінде жалпы білім беретін және қосымша бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, немесе «Бизнес және құқық» бағыты бойынша немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; немесе «Бизнес, басқару және құқық» бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 14 тамыздан 2025 жылғы 22 тамызға дейін жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ арқылы қол қойылған, еркін нысанда жазылған қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді:
- жеке басын куәландыратын;
- білімі туралы;
- зейнетақы аударымдары туралы;
- «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер тұлғаның еңбек қызметі туралы.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, конкурсқа қатысуға үміткер тұлға өтінішке Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.